Ақпаратты Ош облыстық сотының баспасөз қызметі Азаттыққа растады.
"Ош облыстық сотының 6 тамыздағы үкімінің негізінде Қылмыстық кодекстің 337-бабымен ("Қызмет бабын асыра пайдалану") айыпталған М.Т.И. үш мың есептік көрсеткіш көлемінде айып салынып, мемлекет пайдасына 300 000 (үш жүз мың) сом өндірілген", - деп жазылған мәліметте.
Кара-Суу аудандық соты Матраимовтың ісін 11 маусымда қарап, 1 млн сом айыппұл төлеуге міндеттеген және үш жыл бойы мемлекеттік, муниципалдық қызметте жұмыс істеу құқығынан айырған.
Экс-әкім мен адвокаты сот шешіміне наразы болып, облыстық сотқа қайрылған.
Матраимов 25 наурызда туыстары Райымбек, Руслан, Исламбек Матраимовтармен Баку қаласында ұсталып, 26 наурызда Бішкекке жеткізілген. Сәуір айында үйқамаққа алынған.