Ссылки доступа

Жоғарғы сот тау-кен құтқарушыларының арызын қанағаттандырды


Қазақстанның Жоғарғы соты "Апаттық-құтқару қызметінің республикалық штабы" компаниясының Қарағанды облысы өкілдігінің жұмыстан алынған құтқарушылары жазған кассациялық арызды қарап, жұмысшылардың пайдасына шешім шығарды.

Құтқарушылар жұмыстан алынғанын заңсыз деп табуды, олардың ісінде қалыбына келтіруді және жұмыс берушілерден істемеген уақыты үшін айлықты төлеп беруді өтінген.

Былтыр аудандық және облыстық соттар құтқарушылардың жұмыстан алынғанын негізсіз деп таныған.

Жоғарғы соттың 14 тамыздағы шешімімен еңбек келісімін тоқтату туралы бұйрық заңсыз деп танылып, құтқарушылар жұмысқа қайта алынатын болды. Сонымен бірге сот жұмыс берушіні олардың айлықтарын төлеп беруге міндеттеді.

XS
SM
MD
LG