Ссылки доступа

Блогер Адыл Акжол уулуның адвокаты оған қозғалған істің мән-жайын айтты


Қырғызстанның Ұлттық телерадио хабар тарату корпорациясының директоры орынбасары болған Адыл Акжол уулуның адвокаты Назик Ажымаматова оған қозғалған қылмыстық іс жайында айтты.

Акжол уулу арнайы қызмет тарапынан 4 тамызда ұсталған.

"Онда басқа тараптан алынған видео бар (ред. Айтурган Маматкулованың өліміне қатысты іс). Бұл оқиға бойынша басқа адамдар WhatsApp топ ашқан. Оған жаппай тәртіпсіздік белгілері бар деген айып тағылды. Бірақ Адылдың іс-әрекетінде ешқандай қылмыстың белгілері жоқ. Адыл тіптен аталған WhatsApp топта да болмаған. Онда Акжол уулуна еш қатысы жоқ мүлдем бөлек адамдар отырған", - деді Ажымаматова.

Блогер Адыл Акжол уулуның ұсталғаны жөнінде 12 тамызда белгілі болды. Бірінші май аудандық сотының шешіміне сәйкес, блогер 4 қазанға дейін тергеу абақтысында отырады.

Шілде айында 25 жастағы Айтурган Маматкулова Бішкек ауруханаларының бірінде қайтыс болғаннан кейін қоғамда тұрмыстық зомбылық мәселесі қайта көтерілді. Акжол уулу марқұмның атасынан сұқбат алып, оны YouTube-каналға жариялаған.

Бірқатар құқық қорғаушылар мен журналистер сұқбаттың біржақты екенін айтып, сынға алған. Ал блогер өзін сынап пікір жазғандарға балағат сөз айтқан.

Маматкуловамен бір жыл некеде болған күйеуі оның өзі дәрі ішіп, көз жұмды дейді. Бірақ ата-анасы қызының өліміне күйеуін кінәлайды. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG