Азиз Воитов былтыр желтоқсан айында ұсталып, оған қатысты "аса ірі көлемде қаржы жымқыру, қызметін асыра пайдалану" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол қызметінен қамауға алынғаннан бір ай бұрын босатылған.
44 жастағы Азиз Воитов Шавкат Мирзияев билікке келгелі коррупция бойынша айыпталып, қамауға алынған бірінші жоғары лауазымды тұлға.
2020 жылдың наурыз айынан 2022 жылдың тамыз айына дейін Азиз Воитов вице-премьердің бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдың тамыз айынан 2023 жылдың қазан айына дейін ауыл шаруашылығы министрі болды.
Ол президент әкімшілігі басшысы Сардор Умурзаков қызметінен алынғаннан кейін жұмыстан кеткен.