Ссылки доступа

Қырғызстан ұлттық телерадиокорпорациясы директорының бұрынғы орынбасары ұсталды


Бішкек қаласы Бірінші май аудандық соты Ұлттық телерадиокорпорациясы бас директорының бұрынғы орынбасары, блогер Әділ Ақжол ұлын қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сот мәліметінше, үкім 5 тамызда қабылданған. Ол 4 қазанға дейін қамауда отырады. Күдіктіні ұстау туралы арызды ҰҚМК түсірген.

Мәліметтерге қарағанда, арнайы қызмет оны "жаппай тәртіпсіздік" бабымен ұстаған. Алайда оның нақты не істегені белгісіз.

Әділ Ақжол ұлы 2022-2023 жылдары ЭлТР телеарнасы жетекшісінің орынбасары болып істеген. Ал былтыр шілдеде ол ұлттық телерадиокоркорация директорының орынбасары қызметіне кірісіп, биыл наурызда жұмыстан кеткен.

Ол блогер ретінде де танылған. Репортаждарын YouTube-арнасына жариялайды. Оған шамамен 800 мың адам жазылған. Блогер саяси тақырыптарды да жиі қозғайды. Күдіктінің туыстары мен адвокаты әзірге іс туралы ешқандай мәлімет бермеді.

XS
SM
MD
LG