Ссылки доступа

Парижден оралған қырғыз атлеттері автокөлік пен ақшалай сыйлық алды


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Париждегі Олимпиада ойындарына қатысушылар мен жүлдегерлерге жаңа автокөліктер мен ақшалай сыйлық табыстады. Спортшыларды ұлықтау салтанаты 13 тамызда Бішкектегі алаңда өтті.

Жапаров жарысқа 206 елден 10 мыңнан аса спортшы қатысқанын, 16 спортшы жіберген Қырғызстан 68-орынға тұрақтағанын айтты.

"Мақтауға тұрарлық нәтиже. Оның үстіне, еліміз Азиядағы 44 мемлекеттің ішінде 15-орын алды. 16 спортшымыздың алтауы жүлдемен оралды. Спортшы саны мен жүлде көлемі бойынша Қырғызстан 206 елдің ішінде бірінші орын алды" деді мемлекет басшысы.

Олимпиаданың күміс жүлдесін жеңіп алған Мейірім Жұманазарова мен Мұнарбек Сейітбек ұлы 10 млн сом (шамамен $118 мың) мен автокөлік тілтін алды.

Қола жүлдегер атанған Айсұлу Тыныбекова, Жоламан Шаршенбеков, Ақжол Махмұдов және Узур Жузупбеков 7 млн сом мен жаңа автокөлікке ие болды.

Жүлдеге ілікпеген атлеттер де жаңа автокөлікке отырды. Бұған қоса, президент оларға 500 мың сомнан берді.

Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өткен Олимпиада ойындарында Қырғызстан екі күміс және төрт қола жүлде жеңіп алды.

XS
SM
MD
LG