Азаттықтың Тәжік қызметінің дереккөздері биыл сәуірдің басында ҰҚМК қызметкерлері астанада наурызда теракт жоспарлады деген күдікпен жиырма шақты адам ұсталғанын хабарлаған.
Дәл осы мәліметті «Азия-Плюс» медиасы мен Reuters ақпарат агенттігі де жариялаған. Алайда сол кезде ҰҚМК тәуелсіз ақпарат құралдары таратқан мәліметті "тексерілмеген, арантатуды көздейтін ақпарат" деп атаған.
Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон 9 тамыздағы баспасөз конференциясында "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының мүшелері ұсталды деп хабарлады, бірақ толық мәлімет бермеді.
Бас прокуратура мәліметінше, күдіктілер "бір топ адамды уламақ болған".
Құқық қорғау органдары жыл сайын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталып, теракт жасауға жол бермегені туралы есеп береді, алайды ол жөнінде толық мәлімет таратудан бас тартады.