Әкімшілік мәліметінше, заңмен тыйым салынса да, көлді ластау мен қаскөйлік жалғасып жатыр.
"Сарапшылар пікірінше, демалушылардың қоқысты тастап кетуі Ыстықкөлге кері әсерін береді. Сол себептен демалып жатқандарға көлге ұқыпты болуға шақырамыз", - делінген әкімшілік мәлімдемесінде.
Былтыр маусым айында ел президенті Садыр Жапаров көлге зиян тигізіп жатқандарды қатты сынға алып, көлді тазалауға бұйрық берген.
"Ыстықкөл" қорығы Қырғызстан заңдарымен ерекше қорғауға алынған. 2001 жылы ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасы аясында дүниежүзі биосфералық резерваттар қорына енгізілген.