Қырғызстан ҰБ мәліметінше, аталған қаражаттың 19 млн доллары келісім-шарт жасалған күні сатылған, ал 32 млн 650 мың доллар келісім-шарт жасалған уақыттан басқа күнге саудаланған. ҰБ 2024 жыл басталғалы бері валюта нарығында барлығы 90 млн 150 мың доллар сатқан.
Қырғызстан ҰБ шетел валютасын доллардың сомға шаққандағы бағамы көтеріліп бара жатқан уақытта саудаға шығарды. Қаржы мекемесі мәліметінше, 9 тамызда доллардың ресми бағамы 85,1 сом болған. Соңғы мәрте ҰБ 6 млн 650 мың долларды маусым айында сатқан.
Қырғызстан ұлттық банкі 8 тамызда валюта нарығында 51 млн 650 мың доллар сатты. Бұл туралы қаржы мекемекесінің сайтында хабарланды.