Өзбек президенті бұл бастамасы үшін Тоқаевқа алғысын білдіріп, Қазақстан астанасының ортасында Әлішер Навоидың ескерткішінің ашылуы - қазақ халқының өзбек ағайынына деген сый құрметінің айқын белгісі деп атап өтті.
"Ұлы ойшыл һәм гуманист Әлішер Навоидың еңбектері өзбек халқының ғана емес, бүкіл әлемнің жәдігері", – деді Мирзияев.
2020 жылы қазақ ақыны, марқұм Несіпбек Айтұлы Әлішер Навоидың негізгі "Хамсу" шығармасын қазақ тіліне аударды. Кітаптың алғысөзін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жазған.