Ссылки доступа

Қырғызстан цифрлы даму экс-министрі ешқайда кетпеу қолхатымен босатылды


Азамат Дыйканбаев
Азамат Дыйканбаев

Бішкектің Бірінші май аудандық соты бұрынғы министр Азамат Дыйқанбаевқа қатысты бұлтартпас шарасын өзгерту жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы оның адвокаты Қайсын Абакиров хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, 7 тамызда сот Дыйқанбаевты ешқайда кетпеу жөнінде шешім шығарды. «Қылмыс құрамы жоқтығына байланысты іс тоқтатылады деп ойлаймыз» дейді ол.

Адвокат мәліметінше, экс-министрге «тауарды сыртқы заңсыз шығарды» деп айыптап жатыр. Бұрынғы министр 17 мамырдан бері қамауда отырды.

Бұл Дыйқанбаевқа қатысты екінші қылмыстық іс. 2021 жылғы мамырда оны ҰҚМК 2,6 млн сом (30 мың доллар) ақша бопсалады деген күдікпен ұстаған. 2022 жылғы ақпанда Дыйқанбаев толық ақпалып шыққан.

XS
SM
MD
LG