Ссылки доступа

Ташкентте учаскелік инспектор әйелі мен баласын атып өлтіріп, өзіне қол жұмсады


Ташкент облысында учаскелік инспектор тапаншамен әйелін, жеті айлық баласын атып өлтіріп, артынша өзіне де қол жұмсады.

Бұл туралы Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов хабарлады.

Мекеме мәліметінше, оқиға 6 тамызда кешке инспектор тұратын қызмет пәтерінде болған.

Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Азаттықтың Өзбек қызметінің дереккөзінің айтуынша, қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болған. Мәліметтерге қарағанда, ерлі-зайыптылар бұған дейін де бірнеше мәрте жанжалдасқан.

XS
SM
MD
LG