Бұл күндері облыстың төрт ауданынан арнайы штаб құрды. Олардың екеуінде толық, қалған екеуінде жартылай төтенше жағдай жарияланды. Фермерлер облыс әкімімен жолығып, мемлекеттік органдарға үндеу жасап жатыр. Осыған дейін олар петиция жариялаған. Бірақ ол тиісті мөлшерде қол жинай алмады.
Фермерлер бөкендердің көбейгеніне байланысты ешқандай шара қолданылмай келе жатқанын айтады. Олар шөптің бәрін жеп, үй малына жем қалмай жатыр дейді. Үкіметте диқандарды қорғау жолдары жоқ деп наразы.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов фермерлер мәселесі "біртіндеп" шешіліп жатыр дейді.
Қазақстанда фермерлер даладағы егінді бөкендер жеп жатқаннан кейін, оларды атуға рұқсат берілген. Бірақ экологтар бұл шешімге қарсы болып келеді.