Ссылки доступа

Қырғызстанда мүгедек қызды зорлады деген күдікпен бір ер кісі ұсталды


Ыстықкөл облысының милициясы 24 жастағы мүгедек қызды зорлады деген күдікпен бір тұрғынды ұстады. Бұл туралы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Зорлық оқиғасын жәбірленушінің туыстары әлеуметтік желі арқылы жариялаған. Мүгедек қыздың әпкесі оның құлағы дұрыс естімейтіндігін, тіпті сөйлемейтіндігін жазған. Жәбірленушіні 29 шілдеде ұрлап алып кеткен.

«Оны төрт күн бойы зорлаған, ұрған, қорада ұстаған, қой бағуға мәжбүрлеген. Оның миы шайқалған, мұрны сынған, денесінде сау жер қалмаған. Сіңлімізді өзіміз іздеп таптық. Ұстау кезінде олар мас болды» деп жазды мүгедек қыздың әпкесі.

Милиция мәліметінше, жәбірленушінің анасы 2 тамызда арызданып, қызын екі жігіт зорлағанын айтқан.

1993 жылы туған ер азамат күдікті ретінде ұсталды. Ол тергеу изоляторында отыр. Бұған қоса, милиция екінші күдіктінің кім екенін анықтады.

XS
SM
MD
LG