4 тамызда 92 кг салмақ дәрежесінде сынға түсетін 25 жастағы боксшы жартылай финалда өзбек атлеті Ләзизбек Мулложоновтан жеңіліп қалды.
Осылайша Давлат Болтаев 12 жылдан соң Мавзуна Чориеваның Олимпиададағы жетістігін қайталады. Боксшы Чориева Лондондағы ойындарда қола алған.
Әзірге Тәжікстан құрамасының атлеттері Парижде үш жүлде алды. Осының алдында тәжік дзюдошылары Сомон Махмадбеков (81 кг) пен Темур Рахимов қола жүлдегер атанған.
Тәжік спортшысы Давлат Болтаев Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының қола жүлдесіне ие болды.