Ссылки доступа

Ташкентте заңсыз казино ашқан 30 адам, оның ішінде 12 шетелдік ұсталды


Ташкентте жалға алынған үйде онлайн құмар ойындарын ұйымдастырған 12 шетел және Өзбекстанның 18 азаматы ұсталды. Бұл жөнінде Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, шетелдіктер жалға алған Яккасарай ауданындағы үйде ұйымдастырылған казинода үш ай ішінде 900 мың доллар ақша айналған.

Тексеру кезінде 37 ноутбук, қолма-қол 1 400 доллар, 34 сим-карта, 7 телефон және 12 банк карталары табылған.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG