Ссылки доступа

Қырғыз соты төрт журналистің қамаудағы мерзімін ұзартты


Бішкектің Ленин аудандық сотында журналистердің бөгет шарасы қаралып, олардың қамаудағы мерзімі 2 қазанға дейін ұзартылды. Бұл жөнінде журналистердің адвокаты Улан Сейитбеков хабарлады.

Сот отырысы кезінде қорғаушы журналистерді қамаудан босатуды сұраған.

Журналистердің ісі бойынша сот отырысы әр аптаның бейсенбі күні болып жатыр.

16 қаңтарда Temirov Live медиасының бұрынғы және қазіргі 11 журналисінің үйіне тінту жүргізіліп, өздері қамауға алынған.

Кейін Максат Тажыбек уулу, Акыл Орозбеков, Жумабек Турдалиев, Жоодар Бузумов, Сапарбек Акунбеков, Сайпидин Султаналиев және Тыныстан Асыпбеков үй қамағына шыққан.

Қазір төрт журналист - Махабат Тажибек кызы, Азамат Ишенбеков, Актилек Капаров және Айке Бейшекеева қамауда отыр.

Журналистерге "жаппай тәртіпсіздік" бабы бойынша айып тағылып отыр.

XS
SM
MD
LG