Ссылки доступа

Өзбекстанда үш баланың анасы онлайн-ойыннан ұтылып, өзіне қол жұмсаған


28 жастағы әндіжандық әйел, үш баланың анасы онлайн құмар ойыннан ұтылып, өзіне қол жұмсаған. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Әндіжан облысының 1996 жылы туған тұрғыны 17 шілдеде үйінен шығып кеткеннен қайта оралмаған.

Тергеу мәліметінше, ол онлайн-ойыннан 15 миллион сум (1200 доллар шамасында) ұтылып қалған.

Оның денесі 22 шілдеде каналдан табылған.

XS
SM
MD
LG