Ссылки доступа

NYT: Хаменеи Израильге тікелей соққы жасауға бұйрық берді


 Әли Хаменеи
Әли Хаменеи

Иранның жоғарғы көсемі Әли Хаменеи ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияны Теһранда өлтірген Израильге шабуыл жасауды бұйырды. Бұл туралы New York Times үш бірдей иран шенеунігіне сүйене отырып хабарлады.

Басылым мәліметінше, 31 шілдеде Иран ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі жоғарғы кеңестің шұғыл отырысы кезінде осындай бұйрық берілген. Шұғыл жиналыс Хания өліміне байланысты ұйымдастырылған.

Шабуыл сипаты туралы нақты мәлімет жоқ. Басылым дереккөздерінің айтуынша, қарумен жауап берудің бірнеше жолы бар. Иран Тель-Авив пен Хайфа маңындағы әскери нысандарды зымырандармен, дрондармен атқылауы да мүмкін. Иран кек алу мақсатында Йемен, Сирия және Ирак секілді одақтастарын қолдануы ғажап емес.

Бұған қоса, Хаменеи Израиль мен АҚШ соққысына дайын болу үшін қорғаныс және шабуыл жоспарын дайындауды бұйырды, деп жазды NYT.

Бұған дейін мәлім болғандай, Ирандағы Жамкаран мешітіне қызыл ту ілінген. Қызыл ту жақында кек алуға кірісетінін білдіреді.

Исмаил Харияның қазанына кейін аятолла Әли Хаменеи Теһран ХАМАС жетекшісінің «жанкешті» өлімі үшін кек қайтаруға міндетті деп мәлімдеген.

ХАМАС жетекшісі Исмаил Хания 31 шілдеде зымыран соққысымен өлтірілді. ХАМАС тобы шабуылды «сатқындық» деп атады. Израиль билігі әзірге мұндай айыптауларға ресми жауап қатқан жоқ.

XS
SM
MD
LG