Ссылки доступа

Мәскеудегі "Сахарово" орталығында 78 қырғыз азаматы отыр


Мәскеу шетіндегі "Сахарово" миграциялық орталығы.
Мәскеу шетіндегі "Сахарово" миграциялық орталығы.

Ресейдің "Сахарово" миграциялық орталығында 78 қырғыз азаматы қамалып отыр. Бұл жөнінде Қырғызстанның еңбек министрлігінің Ресейдегі өкілі Жандарбек Айтназаров хабарлады.

Олардың бесеуі әйел. Арасында бес айдан бері сол орталықта отырғандар бар. Айтназаров ол жақта отырғандарға қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Ресейдің азаматтығын алып, осында көп жылдар тұрып, бала-шағалы, немерелі болып қалғандар бар. Олардың бірқатары әскерге кетіп, бірқатары Қырғызстанға қашып жатыр. Жағдай тұрақталғанша, Ресейге келмей тұрса жақсы болушы еді", - деді Айтназаров.

Ол қыркүйекте Ресейде шетелдіктерге арналған "Нелегал" деп аталатын рейд болатынын, осыған байланысты қырғызстандықтарды Ресейге бармай тұруды ұсынды.

XS
SM
MD
LG