Ссылки доступа

"Қазақфильм" басшысы Азамат Сатыбалдының қызметтен кеткені хабарланды


"Қазақфильм" басшысы Азамат Сатыбалды актерлік карьерасын Қытайда жалғастыру үшін қызметінен кеткенін мәлімдеді. Бұл жөнінде Informburo сайты хабарлады.

Актер Қытайда өтетін халықаралық киножобасына қатысатынын мәлімдеген.

"30 шілдеден бері Қытайдамын, мұнда халықаралық киножобаға қатысамын. "Қазақфильммен" келісімім аяқталды, оны ұзартуды жөн көрмедім. Қазақ актерін бірінші рет осындай деңгейдегі халықаралық жобаға шақырып отыр. Бұл менің актерлік карьерамдағы ірі қадам, қазақ өнерін халықаралық аренаға таныстыру мүмкіндігіне ие болдым. Түсірілімдер бірнеше ай бойы Қытайда да, Қазақстанда да өтеді" деді Азамат Сатыбалды.

Kursiv.media басылымының жазуынша, мәдениет министрлігі өкілдері кинокомпания басшысының қызметтен кететіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеген.

Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының басшысы қызметіне 2023 жылы шілдеде тағайындалған.

Бұған дейін кинокомпанияны режиссер Ақан Сатаев (2020-2022 жылдары), Арман Асенов (2019-2020 жылдары) басқарған.

XS
SM
MD
LG