«Оның жылқыны қатты сыйлайтынын білем, сол себепті менің сыйлығым оған ұнайды деп ойлаймын» деп жазды Қадыров.
Шешенстан басшысы Өзбекстан президентінің екіжақты қатынастың дамуына қосқан үлесін атап өтті.
24 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 67 жасқа толды.
Биыл мамырда Рамзан Қадыров Өзбекстанға сапарлап барды. Сол кезде ол әкесі Ахмат Қадыровқа қатысы бар орындарды аралады. Шешенстанның алғашқы жетекшісі Ахмат Қадыров 1982 жылы Бұхарадағы Мир-Араб медресесін, 1986 жылы Ташкент ислам институтын бітірген.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев туған күні оған екі сәйгүлік сыйлады. Бұл туралы Қадыровтың Telegram-арнасында хабарланды.