Ссылки доступа

Қазақстан банктері азаматтардың жеке дерегі тарап кетуіне байланысты тексеру жүргізеді


Қазақстан банктері азаматтардың жеке дерегі тарап кетуіне байланысты аудит жүргізеді. Жеке деректі қорғауға байланысты тиісті өзгерістер мен ережелер енгізбекші.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі осыған дейін енгізген ережеге өзгерістер енгізді. Бұл "Ашық үкімет" порталында жарияланды.

Жаңа ережеге сәйкес, меншік иелері мен операторлар ақпараттық қауіпсіздік мақсатында кемінде жылына бір рет аудит жүргізуі тиіс.

Электронды ақпараттық ресурстарда сақталған жеке деректер Қазақстан аумағында орналасқан арнайы мәліметтер орталығында сақталуы тиіс.

Қазақстандықтардың жеке дерегінің тарап кетуі соңғы уақытта үлкен проблемаға айналды.

Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы (ЦАРКА) Қазақстан азаматтарының жеке дерегі тағы тарап кетті деп хабарлады. Орталық мәліметінше, өткен аптада Telegram мессенджерінде қолданушы BreachForums атты хакерлер форумындағы деректің бәрін желіге жария еткен.

Форум 2022 жылдан 2023 жылға дейін зиян тигізетін бағдарламалар мен ұрланған деректерді сатумен танымал болған. Оған Қазақстаннан 15 хакер тіркелген.

XS
SM
MD
LG