Ссылки доступа

Эмомали Рахмон Иран президентін ұлықтауға қатысу үшін Теһранға ұшты


20 шілдеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс бабымен Иранға жолға шықты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Иран мемлекеттік ақпарат құралдарының мәліметінше, бүгін астанада президент Масуд Пезешкианды ұлықтау салтанаты өтеді. Оған әлемнің 70 елінің делегациясы қатысады. Тәжікстан делегациясын Рахмон бастап барады.

Естеріңізге сала кетейік, Пезешкиан кезектен тыс президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетті. 2024 жылғы мамырда бұған дейінгі президент Ибрахим Раиси әуе апатынан қаза болған.

Иранда президент үкіметті басқарады, бірақ оның билігі шектеулі. Елді шын мәнінде Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеи басқарады.

XS
SM
MD
LG