Ссылки доступа

Өзбекстанда алаяқ шетелден жұмыс тауып берем деп 50 шақты адамды алдаған


Самарқанд облысы Ақдария ауданында шетелде жұмыс тауып берем деген желеумен елу шақты адамды алдаған алаяқ ұсталды. Бұл туралы Өзбекстан бас прокуратурасы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, күдікті 1,2 миллион сум (100 доллар) және 700 долларды аванс ретінде алу кезінде қолға түскен. Ол екі азаматтан Ұлыбританиядан жұмыс тауып берем деген желеумен 4,5 мың доллар алғысы келген.

Тергеу барысында күдікті бұған дейін алаяқтық жолмен 47 азаматтан 37, 1 мың доллар алғаны анықталған.
«Алаяқтық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG