Ссылки доступа

Экобелсенділер АЭС құрылысында халықаралық құқықтың сақталмай жатқанын айтады


Қазақстанда Атом электр станциясын (АЭС) салуға қарсы кампания мәлімдеме жасады.

Экологтар, сарапшылар, азаматтық белсенділер бірігіп АЭС салуға байланысты аймақтарда өткізіліп жатқан қоғамдық тыңдауға бірескен мәлімдеме жасады.

Мәлімдеме мәтіні "Қазақстан экофорумы" желісінде жарияланды. Олар үкімет АЭС салу жөнінде шешімді қабылдау процесі кезінде халықаралық құқықты бұзып отыр деді. Энергетика министрлігі әзірге бұған пікір білдірмеді.

Атом электр станциясын салуға қарсы белсенділер технологияны жеткізушер тарапқа шығынданып, экологияға қатер төнеді деп қауіптенеді.

Биыл Қазақстанда АЭС салуға байланысты референдум өтеді. Құрылысты Балқаш көлі жағалауында немесе Алматы облысындағы Үлкен елді-мекенінде салу ұсынылып жатыр.

XS
SM
MD
LG