Ссылки доступа

Тәжікстан Қырғызстанмен шекаралас аудандағы көпірді жөндеп жатыр


Тәжікстанның солтүстігіндегі Исфара қаласының билігі Қырғызстанмен шекаралас аудандағы көпірді қалпына келтіріп жатыр. Осы көпірді қырғыз жақтан келген сел шайып кеткен. Соның салдарынан тұрғындар Ворух жамоатына кіре алмай қалған.

10 шілдеде кешке толассыз жауған жаңбырдан кейін сел жүріп, Ворух жамоатындағы көпірді шайып кетті.

Ходжаи Аъло қышлағы мен Ворух жамоатының тұрғындары осы көпір арқылы Исфара қаласына қатынайтын. Тұрғындардың айтуынша, көпір өткен ғасырдың 70-жылдары салынанған.

Исфара қаласының төрағасы жаңа көпір 10-12 метрге кеңейтілетінін, жүк көліктері екі бағытта бірдей өте алатынын мәлімдеді.

Ворух және Чоркух жамоаттары Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан ірі елді мекендер.

XS
SM
MD
LG