Ақпаратқа сәйкес, 28 жастағы Диловар Шерализода "Тойота Ландкрузер" көлігінің әйнектерін заңсыз қараңғылатып алғаны үшін 22 шілдеде ұсталған. Оған 115 мың сомони (1 мың доллардан астам) көлемінде айыппұл салынған.
Ол осыған дейін бұзақылық және басқа да қылмыстар үшін ұсталып, бір жыл абақтыда отырып шыққан.
Гул Шералидің екінші ұлы президент Эмомали Рахмонның күйеу баласы.