Оқиға Сырдария облысы Гүлістан қаласында болған. Сатушының жас баланы ұрған сәті түсіп қалған видео әлеуметтік желілерде тез таралды.
Дүкен қызметкері балаға «қолыңды тарт» деп айқайлап, бетінен ұрған, сосын чекті соған қарай лақтыра салған.
Өзбекстан балалар омбудсменінің хабарлауынша, осы мекемеге баланың анасы шағымданған. Ол сатушыға заң аясында шара қолдануды талап еткен.
Ішкі істер органдары істі тексеріп, сатушыға әкімшілік айып таққан. Дөрекі сатушы «ұсақ бұзақылығы» үшін 15 тәулікке қамалған.
Өзбекстан салық комитетінің төрағасы 12 жастағы Шахбозжон Қошқаровтың салық тәртібін сақтау қоғам үшін маңызды екенін түсінгені үшін алғыс айтқан.