Заң жобасы құжаттарды талқылауға арналған бірыңғай порталда жарияланды.
Әкімдік жобасына сәйкес, белгілі бір нөмірмен аяқталатын көліктерге аптаның кей күндері жолға шығуға рұқсат етілмейді.
Заң қабылданған жағдайда мемлекеттік нөмірі 1 және 2 сандарымен аяқталатын көліктер дүйсенбіде, 3 және 4 нөмірлі көліктер сейсенбіде, 5 және 6 нөмірлі көліктер сәрсенбіде, 7 және 8 нөмірлі көліктер бейсенбіде, 9 және 0 нөмірлі көліктер жұма күндері жолға шыға алмайды.
Құжатта шектеу аптаның бес жұмыс күні ғана қойылатыны айтылған. Шектеу таңғы сағат жетіден кешкі тоғызға дейін қойылады. Сенбі, жексенбі және мереке күндері шектеу болмайды.
Заң бұзғандар көлік жүргізу куәлігінен айрылуы мүмкін.
үшін автокөлік қозғалысын шектеуді ұсынды Қырғызстан астанасының билігі жол қозғалысы туралы заңға түзету енгізуді ұсынып отыр. Ол бойынша республикалық маңызы бар қалаларда (Бішкек пен Ош) аптаның белгілі бір күндері автокөлік қозғалысы шектелуі мүмкін.