Ссылки доступа

Өзбекстанда киім дүкеніне министр жарнамасы үшін айыппұл салынды


Өзбекстанның Бәсекені дамыту және тұтынушыларды қорғау комитеті Kingsman киім дүкеніне мәдениет министрі Озодбек Назарбековтің жарнамасы үшін айыппұл салды.

"Жарнама жөніндегі" заңда тауарды мемлекеттік мекеме немемесе шенеуніктің мақұлдағанын көрсетуге тыйым салынған. Комитет дүкен иелеріне олқылықты түзетуді бұйырған.

Бірақ Арнайы комиссия министрдің өзін заңды бұзушы ретінде танымаған.

"О.Назарбековтің өзі әлеуметтік желідегі жеке парақшалары арқылы жарнаманы насихаттамады. "Жарнама жөніндегі" заңға сәйкес, жарнаманы таратушы болып саналмайды", - делінген хабарламада.

2 шілдеде жергілікті киімді насихаттап жатқан министр Назарбековтің видеосы желіде кең тараған.

XS
SM
MD
LG