Ссылки доступа

АҚШ мемлекеттік департаменті Түркіменстанды шетел инвесторларына «қолайсыз ел» деп атады


Түркіменстан шетел инвестициясын салуға қауіпті елге жатады. АҚШ мемлекеттік департаментінің биылғы «Инвестициялық ахуалға шолуында» осылай делінген.

Шолуда Түркіменстан билігі экономиканы, валюта бағамын қатаң бақылауға алғаны, елде сыбайлас жемқорлық дендегені, бюрократия басым екені, коммерциялық қызметті қорғайтын заңдар жұмыс істемейтіні айтылған.

Шолу авторлары Түркіменстан шетел инвестициясын тартуға нақты шаралар қабылдамай отыр деп есептейді. Ел экономикасында АҚШ немесе басқа да елдердің тікелей инвестициясы жоқтың қасы.

Құжатта Түркіменстан 45 миллиард долларды, сонымен бірге Қытайға газ сатудан бір жылда түсетін 10 млрд долларды шетелдегі есептерде сақтап отырғаны айтылған.

АҚШ мемлекеттік департаменті Түркіменстанның тікелей инвестиция тартуға мүмкіндігі мол, бірақ үкімет жаңа жобаларды басқаруды мемлекетке беруді жөн деп санайды. Сол себепті ірі инвесторлар Түркіменстанға кіргісі келмейді.

Естеріңізге сала кетейік, түрік құрылыс компаниялары ақшасын ала алмай, халықаралық алқа билер сотына жүгінген. Беларусь мемлекеттік компаниясы да ақшасын сот арқылы өндіріп алуға мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG