Ссылки доступа

Қылмыс әлемінің дөкейі «Бахти Ташкент» 20 жылға сотталды


Бахтиёр Кудратуллаев («Бахти Ташкент»)
Бахтиёр Кудратуллаев («Бахти Ташкент»)

Ташкент қаласы Юнусабад аудандық соты Бахтиёр Кудратуллаевты («Бахти Ташкент») бірнеше қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Ташкентте 19 шілдеде сот қылмыс әлемінің дөкейі «Бахти Ташкент» пен тағы 36 адамның ісін қарады.

Сот оны бірнеше қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 20 жылға соттау туралы шешім шығарды.

52 Бахтиёр Кудратуллаев былтыр 3 желтоқсанда құқық қорғау органдарының арнайы операциясы барысында ұсталған.

Прокуратура сотқа оның кінәлі екенін дәлелдейтін айқақтар келтірген. Мемлекеттік айыптаушы «Бахти Ташкентке» кісіні қасақана ауыр жаралау, кісіні жеңіл жаралау, есірткі сақтау айыптарын тағып, соттан 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Бұған қоса оны тәртібі ерекше колонияда ұстау керектігін ескертті.

2023 жылдың аяғында Ташкент және елдің басқа да өңірлерінде құқық қорау органдарының арнайы операциясы ұйымдастырылып, 200-ге тарта күдікті ұсталған. Олардң арасында қылмыс әлеміне таныс Сәлім Әбдуәлиев пен Аббас Хаджаев та бар. 19 наурызда сот Сәлім Әбдуәлиевті 6 жылға соттады.

XS
SM
MD
LG