Қол қойылған құжаттардың тізімі мынадай:
1. Екі ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесі;
2. Құпия мәліметтерді алмасу және өзара қорғаныс жөнінде келісім;
3. 2006 жылдың 3 қазанындағы азаматтардың өзара сапары жөнінде келісімге өзгерістер енгізу жөнінде хаттама;
4. Қырғызстанның Архитектура, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруа министрлігі мен Өзбекстанның құрылыс министрлігі арасындағы құрылыс істері бойынша әріптестік;
5. Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару бойынша әріптестік;
6. Мәдениет және өнер саласында әріптесік;
7. 2024-2026 жылдарға ауыл шаруашылығы және азық-түлікпен қамсыздандыру қызметі бойынша "Жол картасы";
8. Еңбек, жұмысқа орналастыру және миграция бойынша келісім;
9. Дене тәрбиесі және спорт саласындағы әріптестікті дамыту бойынша іс-шаралар жоспары ("Жол картасы");
10. Бішкек және Ташкент әкімдіктері арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салада әріптесік;
11. Стратегия бағытында өзара қарым-қатынас жөніндегі меморандум;
12. Сауда көлемін көбейту жоспары.
Президент Садыр Жапаров 18 шілдеде мемлекеттік сапармен Ташкентке барып, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиявпен екі жақты және көпжақты кездесулер өткізді.