Зауыт ресми түрде 18-19 шілде күндері қырғыз президенті Садыр Жапаровтың Өзбекстанға сапары кезінде ашылатынын UzAuto департаменті директоры Рустам Бекчанов Ташкентте өткен қырғыз-өзбек бизнес-форумында мәлімдеді.
Бірінші кезеңде зауытта Cobalt, Onix және Tracker үлгісіндегі көліктерді жасау жоспарланған. Кейін өндіріс кеңейтіліп, басқа үлгідегі көліктер де шығарылмақ.
2023 жылдың наурызында Қырғызстанда көлік және коммерциялық техникаларды дамыту бойынша "Узавтосаноат", "ДТ Техник" және "Нұр" (Қырғызстан) компаниялары арасында әріптестік жөнінде келісімге қол қойылған.