Қырғызстан төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, 1985 жылғы әйелдің денесі Әндіжан қаласындағы арықтардың бірінен табылған. Оны Оштың орталық базарынан сел ағызып әкеткен.
Бұған дейін құтқарушылар сел ағызып әкеткен бір әйел мен оның үш қызының денесін тапқан еді. Қырғызстан төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, 19, 10 және 6 жастағы қыз балалардың мәйіті Әндіжанның Шахрихонсой арнасынан табылған. Құтқарушылар олардың анасының денесін өзбек-қырғыз шекарасына жақын Ақ Бура өзенінен тапқан.
Ош әкімдігінің хабарлауынша, әйел мен оның үш қызын сел "Мол Бұлақ" демалыс орнында демалып жүргенде ағызып әкеткен.
14 шілдеде құтқарушылар "Бөрібай ата" демалыс орнынан Озгур ауылына 500-ден астам адамды эвакуациялаған.
Қырғызстан министрлер кабинетінің мәліметінше, 20 сәуір мен 1 шілде аралығында елде 230-дан астам сел тіркелген. Көктем басталғалы бері ондаған адам тасқыннан опат болған.