Қала басшысының мәлімдеуінше, жерде тартылған электр желілерін алып тастап, оны жер астына төсеу қажет болған. Сол кезде қала әрлене түседі. Ол қалада жолаушылар саны азайып бара жатқанын алға тартып, тұрғындардың әкіміктің осы шешімін сынайтындарды түсінбейтінін айтты. Әкім жолаушылар саны азайып келе жатқанын көрсететін статитистикалық мәлімет келтірді.
Астана әкімінің айтуынша, қала билігі көшедегі тығынды азайту мақсатында жолаушы таситын бағыттарды өзгертуге мәжбүр болған, ал троллейбустар бір жолақпен ғана жүреді. Оның үстіне троллейбустар паркін ұстап тұру үшін қала бюджеті қомақты субсидия бөліп тұруы керек.
Бішкек билігінің қаладан троллейбустарды алып тастау туралы шешімі маусым айында мәлім болды. Астана басшылығы 100 троллейбусты Ош қаласына беруді көздеп отыр. Олардың орнына Бішкекте 120 электробус пайда болады.
Белсенділер мен қалалық кеңес депутаттары астана әкімдігінің мұндай шешімін сынап, прокуратураға шағымданған.