Диқандар 19 шілдеде бейбіт жиын өткізуді жоспарлап, құрғақшылықтан төтенше жағдай енгізуді талап ету ниетін жеткізген.
Аймақтағы фермерлер таяу аралықта бейбіт жиын өткізу үшін екінші рет өтініш дайындап жатыр.
Шопандар 2021 жылы Маңғыстау облысы жайлаған құрғақшылыққа Батыс Қазақстан душар болуы мүмкін деп қауіптенген. Онда аймақта мыңдаған мал қырылған.
Шопандар малдарына суланған коробкалар беруге мәжбүр болып жатқанын айтқан. Америкалық Washington Post газеті 2021 жылдың тамызында "Қазақстан бұрын-соңды болмаған құрғақшылықты бастан өткеріп, мал қырылып қалғанын жазған.