Министрлік өкілдігінің хабарлауынша, Тәжікстанның көптеген азаматы Ресейге кіруге тыйым салынғанын білместен әуежайға ұшып келіп алады, сол себепті оларды шекарашылар Тәжікстанға кері қайтарып жіберіп жатыр.
Кейінгі бірнеше айда Ресей аумағына кіре алмаған еңбек мигранттары осы елде ешқандай заң бұзбағанын, соған қарамастан кері қайтуға мәжбүр болғанын айтып отыр.
«Крокус Сити Холл» концерт залына жасалған шабуылдан кейін Тәжікстанның бірнеше азаматы теракт жасады деген күдікпен ұсталған. Осы оқиғадан кейін Ресейде тәжік мигранттарын тысқыра бастады. Еңбек мигранттарының дені Ресей аумағына кіре алмай қалды.
Биыл мамырда Тәжікстан сыртқы істер министрлігі азаматтарға Ресейге барудан уақытша бас тарта тұруға кеңес берген.