10 шілдеде Қайтпас-Отукчу жолындағы осы көпір ашылды.
Жөндеу жұмыстары биыл сәуірде басталған. Соған байланысты Қайтпас-Отукчу жолы уақытша жабылған. Сох ауданына баратын жолаушылар Баткен ауданының Апкан ауылы арқылы өтіп жүрген.
Осының алдында көпірді тексерген мамандар оны қауіпсіз емес деп шешкен. Сөйтіп көпірге қосымша тіреулер қою туралы шешім қабылданған.
Көпірдің жалпы ұзындығы 72 метр. Оны Қырғызстан көлік және коммуникация министрлігі жөндеген.