Президент жарлығымен ол көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Оның кандидатурасын Жогорку Кеңеш мақұлдауы тиіс.
Ал экс-көлік министрі Тілек Текебаев Жалал-Абад облысына әкім болып тағайындалғаны хабарланды.
48 жастағы Абсаттар Сырғабаев осыған дейін Сузак ауданы Барпы ауыл үкіметінің басшысы болып істеген. Жалал-Абад облысы жетекшісі қызметіне 2020 жылдың қазанында келген.
Ол 2020 жылы нәтижесі жойылған парламент сайлауында сол кезде Садыр Жапаров пен Камчыбек Ташиев басында тұрған "Мекенчил" партиясынан үміткер болған. Ол партия тізімінде бесінші болып тұрған.
Абсаттар Сырғабаев Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Камчыбек Ташиевтің өкіл баласы ретінде де белгілі.