Ссылки доступа

Ресейдегі тәжік мигранттарына төленбей қалған 18 млн рубль қайтарылды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Тәжікстан еңбек министрлігінің Ресейдегі өкілдігі биыл еңбек мигранттары ала алмай қалған 18 023 987 рубльді төлетті.

Министрлік мәліметінше, еңбек мигранттарына айлық төленбеу себептері әртүрлі, бірақ жұмысшы мен жұмыс беруші арасында еңбек келісім-шартының болмауы осындай заңсыздықтарға жол береді.

«Жұмыс берушімен ауызша келісудің салдарынан осындай заңсыздықтар жиі болып тұрады. Мұндай жағдайда атқарылған еңбекті бағалау қиынға соғады» деп хабарлады еңбек министрлігі.

XS
SM
MD
LG