Ссылки доступа

Мирзияев Газа секторы бойынша бейбіт процесін бастауға шақырды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Газа секторы бойынша бейбіт процесті бастауға және жанжал болып жатқан аймақтағы бейбіт тұрғындардың өлімін тоқтатуға шақырды. Бұл жөнінде өзбек басылымдары хабарлады.

"Газа секторындағы соғыз айдан бері жалғасып жатқан қанды соғыстың салдары бізді де терең қайғыға батырып жатыр. 40 мыңға жуық тұрғынның, оның ішінде балалар мен әйелдердің өліміне алып келген қақтығысты түрлі себеппен ақтап алуға болмайды. Біз бейбіт процесті бастауға шақырамыз", – деді Мирзияев Таулы Қарабақтағы Шуша қаласында өткен Түркі мемлекеттер ұйымының биресми саммитінде сөйлеп жатып.

Өзбек президенті Таяу Шығыста стратегиялық тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етудің басты шарты – тәуелсіз және еркін Палестина мемлекетін құру керек екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG