Ссылки доступа

Өзбекстанда кәмелетке толмаған балаларын үйлендірген ата-аналарға айыппұл салынды


Бұхарада кәмелетке толмаған балаларына үйлену той өткізген ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жөнінде Өзбекстанның Балалар омбудсмені хабарлады.

Осыған дейін жергілікті БАҚ 29 маусымда 16 жастағы бала мен 17 жастағы қыздың үйлену тойы "Фатхобод" мейрамханасында болғанын жазған.

Бұл факті негізінде Қаракөл аудандық ішкі істер бөлімі тергеуге дейін тексеру жүргізіп, ата-аналарға "Неке туралы" заңды бұзу бойынша хаттама жазған.

Оларға 7 есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынды.

Белгілі болғандай, ата-аналар балаларын некеге тұрғызбаған, тек той өткізген.

Өзбекстанда Отбасы кодексіне сәйкес, некеге тұру жасы – 18 жас.

XS
SM
MD
LG