Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.
«Газада ондаған мың әйел мен бала өлді, адам құқықтары аяққа тапталып, тұрғындар гуманитарлық дағдарысқа ұшырады» дейді қырғыз президенті.
Украинадағы жағдай туралы да ойын жеткізген Жапаров Бішкектің ресми ұстанымы - осы елдегі соғыстың тезірек аяқталғанын қолдау екенін мәлімдеді.
Садыр Жапаров Ауғанстандағы жағдайға да тоқталып өтті. «Терроризм мен есірткі саудасының ошағына айналмас үшін, Ауғанстан әлемнен оқшауланбауы, халықаралық көмек алып тұруы тиіс» дейді ол.
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Қырғызстанға 1 шілдеде барған. Ол Орталық Азия елдеріне сапарын 30 маусымда Өзбекстаннан бастаған. Гутерриш Қырғызстаннан Қазақстанға келіп, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысады.