Ұсталған әйелдің туыстарының айтуынша, күдіктінің бір жарым жастағы баласы уақытша балалар үйіне берілген. Күдіктінің туыстары Қырғызстан билігінен көмек сұрап отыр.
Ресей полицияының мәлімдеуінше, баланы әкесі алып кете алады. Ол үшін неке туралы куәлік пен баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек. Алайда баланың әкесі биыл депортацияланған, сол себепті Ресей аумағына кіре алмайды.
«Сіңлім Мәскеуде жұмыс істеп жүрген уақытта босанды. Баласын балабақшаға орналастырғысы келген, бірақ кішкентай деп алмаған. Жалғыз өзі пәтер ақысын төлей алмады, сол себепті онымен бірге тағы үш-төрт мигрант тұрды. 15 күн бұрын пәтерге полиция келіп, бәрін ұстады. Тексеру кезінде сонда тұратын төрт жігіттің құжаты дұрыс болмай шыққан» дейді күдіктінің әпкесі.
Әйелдің адвокаты Эрдан Тоқтосунов күдікті екі аптадан бері Мәскеудегі тергеу изоляторында отырғанын растады.
«Оны себепсіз кінәлап жатыр. Қазір біз қырғыз азаматының құқықтарын қорғап жүрміз. Зерттеу жақында аяқталады» дейді адвокат.
Заңгердің айтуынша, сот әйелді кінәлі деп тапса, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.