Бұл туралы ТАСС агенттігі Тәжікстан СІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Басылым мәліметінше, Шахбаз Шарифтің екі күндік ресми сапары 2 шілдеде басталады. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Пәкістан премьерін елге шақырған. Олар сапар барысын 16 маусымда телефонмен талқылаған.
Пәкістан да, Тәжікстан да Ауғанстанмен шекаралас жатқан елдер. Пәкістан Душанбенің белсенді саяси әріптесі.
Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнаған. Тәжікстан мен Пәкістанның сауда айналымы 2022 жылы бар болғаны 32 млн доллар болған.