Ссылки доступа

Өзбекстан алты Hyundai Rotem жүрдек пойызын сатып алады


13 маусымда «Өзбекстан темір жолдары» мен Hyundai Rotem келісімге отырды. Бұл туралы өзбек компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік Корея президентінің Өзбекстанға сапары аясында жасалған келісім бойынша, Hyundai Rotem «Ташкент — Үргеніш — Хиуа» бағыты үшін электр пойыздарын жеткізеді.

Осының алдында Өзбекстан президенті Оңтүстік Кореядан 6 жүрдек пойыз сатып алу жөніндегі қаулыға қол қойған. Ол үшін Оңтүстік Корея экономикалық даму және әріптестік орнату жөніндегі қоры EDCF 35 жылға 185 млн еуро несие бөледі.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев электр пойыздарын «Жалаладдин Мәңгіберді» деп атауды ұсынған.

Жүйрік пойыздар жолға шыққаннан кейін Ташкенттен Хиуаға жеті сағатта жетуге болады.

XS
SM
MD
LG