Ссылки доступа

АҚШ Қырғызстанның тағы екі компаниясын санкция тізіміне енгізді


АҚШ-тың қаржы министрлігі Қырғызстанның "Транзит Сервис Бишкек" және "Нова проект" компанияларын Ресеймен әріптестік жасағаны үшін санкция тізіміне енгізді.

Мекеме сайтындағы мәліметке қарағанда, "Нова проект" компаниясын ресейлік кәсіпкер Дмитрий Алиханов аэрокосмос өндірісіне қолданатын тетіктерді алу үшін аталған компанияны пайдаланып келген. "Транзит Сервис Бишкек" санкция тізіміне не үшін кіргені айтылмаған.

Санкциялар тізімінде қазақстандық "КБР-Технология" фирмасы да бар.

Жалпы АҚШ осы жолы Мәскеуге санкциядан айналып өтуге көмектескен 300-дей жеке тұлғаны және компанияны қара тізімге енгізді. Олардың ішінде Орталық Азияның екі елінен бөлек, Қытай, Түркия, Болгария, Сербия, Біріккен Араб әмірлігі, Беларусь және Оңтүстік Африка елдерінің компаниялары бар.

XS
SM
MD
LG