Ссылки доступа

Қырғыз елшісі: Тәжікстанмен шекараға қатысты жақсы жаңалық естиміз


Қырғызстанның Тәжікстандағы елшісі таяу уақытта шекараға қатысты жақсы жаңалық естиміз деді.

11 маусымда Душанбеде өткен су мәселесіне қатысты конференция кезінде Қырғызстанның Тәжікстандағы елшісі Ерлан Әбділдаев тәжік-қырғыз шекарасына қатысты жақын арада жақсы жаңалық естиміз деп мәлімдеді.

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасының жалпы қашықтығы 980 шақырым.

Соңғы жылдары шекара мәселесі толық шешілу үшін екі елдің жұмыс тобы белсенді түрде кездесулер өткізіп жатыр.

Тәжікстан тараптың өкілі Ориф Ходжазода ақпан айында шекараның 889,45 шақырымы шешілді деген.

XS
SM
MD
LG